«Павлодар» волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының финалына шыға алмады

«Павлодар» волейболдан клубтар арасындағы Азия чемпионатының финалына шыға алмады

13 қыркүйекте волейболдан ерлер арасындағы клубтық Азия чемпионатының жартылай финалы аясында «Шахдаб Йезд» (Иран) — «Павлодар» матчы өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч Йезд қаласында (Иран) өтті. Қазақстандық команда 0:3 (21:25, 20:25, 19:25) есебімен жеңілді.

Осылайша, Қазақстанның вице-чемпионы «Павлодар» командасы жексенбі күні Индонезияның «Джакарта Бхаянкара Преси» клубымен кездесуде Азия чемпионатының қола жүлдесін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или