Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингіндегі орны белгілі болды

Футзалдан Қазақстан құрамасының ФИФА әлемдік рейтингіндегі орны анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ФИФА-ның жаңарған рейтингінде Қазақстан құрамасы сегізінші орынға табан тіреді. Бразилия бірінші, Португалия екінші, Испания үшінші орында тұр.
Айта кетейік, футзалдан оныншы әлем чемпионаты 14 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Өзбекстанның үш қаласында: Ташкент, Бұхара және Әндіжанда өтеді. Қазақстан D тобында Испания, Жаңа Зеландия және Ливиямен ойнайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или