Дэвис кубогының жеребесі тартылды

Дэвис кубогының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Prosports.kz
Теннистен Қазақстан құрамасы 14-15 қыркүйекте елордада Дэвис кубогының бірінші Әлемдік тобында Даниямен матч өткізеді.
Ойындар Астанадағы Beeline Arena орталығында хард төсенішіндегі корттарда болады. Іріктеу матчтары үш сеттік форматта төрт жекелей және бір жұптық кездесуден тұрады.
Қазақстан – Дания кездесуінің жеңімпазы 2025 жылы ақпанда өтетін командалық әлем чемпионатының іріктеу кезеңіне жолдама алады.
Дереккөз: Prosports.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или