«Тоттенхэм» – «Арсенал». АПЛ-дағы орталық ойын қандай нәтижемен аяқталады?
Солтүстік Лондон дербиі әр жолы әлем бойынша ондаған миллион көрерменнің назарын өзіңе аударады. «Тоттенхэм» - «Арсенал» Англия футболының тарихындағы байырғы текетірес қатарына жатады. Бітіспес қос қарсылас 15 қыркүйек күні Қазақстан уақыты бойынша сағат 18:00-де жасыл алаңда кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Өткен маусымда екі команда арасындағы соңғы матчта Микель Артета баптайтын «зеңбірекшілер» 3:2 есебімен жеңіске жетті. Деректерге сүйенсек, Солтүстік Лондон дербиі футбол тарихында шамамен 200 рет ойналған. Басымдық «Арсенал» жағында.
«Тоттенхэм» қарсыласын соңғы 4 матч бойы жеңе алмай келеді. Соңғы рет, команда «Арсеналдан» Антонио Конте тізгінде кезде айла асырған.
Осы маусымда үш ойын өткізген «Тоттенхэм» төрт ұпай жинады. Үшінші турда сырт алаңда «Ньюкаслдан» ұтылды.
«Арсеналға» келсек, Артета баптайтын жігіттер маусымда екі жеңіспен бастап, өткен турда «Брайтонмен» өз алаңында ұпай бөлісті. Оған себеп, Деклан Райстың алаңнан қуылуы себеп екені анық. «Тоттенхэммен» матчқа Райстан бөлек, ұлттық құрама қатарында жарақат алып қалған команда капитаны Мартин Эдегор да қатыспауы мүмкін.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі «Тоттенхэмнің» жеңісіне 2,92, тең ойынға 3,56 және қонақтардың ұтысына 2,35 коэффициент беріп отыр.
«Тоттенхэмнің» сырт алаңдағы сәтсіз ойынынан кейін, Ангелос Пестокоглу жігіттер өз алаңында азулы қарсыласын аяқтан шалуға тырысады. «Арсеналдың» екі маңызды футболшысы матчқа қатыспауы ықтимал екенін ескерсек, букмекер 1.6 коэффициент беріп тұрған бәсті таңдауға болады.
Сіз әрқашан мобильді қосымшада, сондай-ақ Tennisi.kz сайтында спорттық іс-шараларға ең қызықты ставкаларды таба аласыз.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!