Үстел теннисі: Қазақстандық спортшылар Польша чемпионатында сынға түседі

Үстел теннисі: Қазақстандық спортшылар Польша чемпионатында сынға түседі

14 қыркүйек күні Польшада үстел теннисінен І лига ойындары басталады, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстандықтар Ирисбек Артукметов пен Бақдәулет Әкімәлі Зелёна-Гура қаласының Palmiarnia ZKS Zielona Góra I және Palmiarnia ZKS Zielona Góra II командаларында бақ сынайды.

Польша Суперлигасындағы жалпы 20 команда екіге бөлінген. 

Қазақстандықтар оңтүстік тобында ойнайды. 

Жарыс форматы бойынша, командалар екі кездесуден өткізіп, үздіктері Суперлиганың плей-офф кезеңіне жолдама алады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или