Елена Рыбакинаның WTA-500 турнирінен қандай себеппен бас тартқаны белгілі болды

Елена Рыбакинаның WTA-500 турнирінен қандай себеппен бас тартқаны белгілі болды

Уимблдон-2022 чемпионы, әлемнің төртінші ракеткасы, қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Сеулдегі (Оңтүстік Корея) WTA-500 турнирінен неліктен бас тарту туралы шешім қабылдағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WTA пресс-релизі бұған себеп арқа жарақаты екенін айтты. Рыбакинаның өзі әзірге ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ.

Сеулдегі жарыс 16-22 қыркүйек аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі жеңімпазы – әлемнің үшінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегула.

Айта кетейік, Рыбакина бұған дейін US Open 2024 турнирін сәтті басап, кейін жарысқа қатысудан бас тартқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или