Роналду неліктен «Спортингтен» «Манчестер Юнайтедке» ауысқанын түсіндірді

Роналду неліктен «Спортингтен» «Манчестер Юнайтедке» ауысқанын түсіндірді

«Манчестер Юнайтедтің» бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду 2003 жылы жазда неліктен «Спортингтен» «Қызыл сойқандар» сапына ауысқанын түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен үшін Португалиядан Англия Премьер-Лигасына ауысу жақсы шешім болды. Сэр Алекс Фергюсон және тәжірибелі ойыншылармен жұмыс істеу. Мен 16-17 жасымда да әлемнің ең үздік футболшысы болуды армандадым», - деді Роналду YouTube-арнасындағы видеода.

Роналду «Манчестер Юнайтед» сапында 2003-2009 және 2021-2022 жылдар аралығында өнер көрсеткен. Осы кезеңде ол барлық турнирде 346 матчқа қатысып, 145 гол соғып, 64 нәтижелі пас берді. «Қызыл сойқандар» бірге Роналду үш рет Англия чемпионы атанған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или