ПСЖ Мбаппеге 55 миллион еуро төлеуден бас тартты. Іс сотқа жіберіледі

ПСЖ Мбаппеге 55 миллион еуро төлеуден бас тартты. Іс сотқа жіберіледі

ПСЖ Килиан Мбаппеге қарызын өтеуді жоспарлап отырған жоқ, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске сала кетейік, бүгін Франция кәсіпқой футбол лигасының (LFP) заң комитеті париждік клубты «Реалға» ауысқан шабуылшыға 55 миллион еуро төлеуге міндеттеді.

L’Equipe мәліметінше, ПСЖ футболшыға бұл соманы төлеуді жоспарлап отырған жоқ. Париждіктер заңды әрекет еттік және еңбек заңнамасына қатысты істерді қарайтын сотта қарауға дайынбыз деп есептейді.

Баспасөз хабарламасында клуб бұл мәселе жоғары юрисдикцияға жіберілетінін растады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или