Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы бір жылға сотталуы мүмкін

Франция құрамасының бұрынғы ойыншысы бір жылға сотталуы мүмкін

Франция құрамасы мен «Ливерпульдің» бұрынғы шабуылшысы Джибриль Сиссе шартты түрде бір жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты RMC Sport-ке сілтеме жасап.

Футболшыға салық алаяқтығы және корпоративтік активтерді теріс пайдаланды деген айып тағылып отыр. Сот отырысы сәрсенбі, 11 қыркүйекте өтті. Прокуратура оған қосымша 100 мың еуро айыппұл салуды сұрады.

Сот шешімі 13 қарашада шығады.

Айта кетейік, Сиссе Франция құрамасы сапында 41 матч өткізіп, тоғыз гол соққан.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или