Месси «Интер Майамидің» жаттығуына неліктен қатыспағаны белгілі болды

Месси «Интер Майамидің» жаттығуына неліктен қатыспағаны белгілі болды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси команданың жаттығуын неге қатыспағаны белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

TyC Sports журналисі Гастон Эдулдың айтуынша, 37 жастағы аргентиналық тұмау белгілеріне байланысты жалпы топта жаттыға алмаған.

Айта кетейік, Месси 15 шілдеден бері тобық буынының жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ, бірақ тамыз айының аяғында жалпы топпен жаттығуды қайта бастаған.

«Интер Майамидің» келесі ойыны 15 қыркүйекке қараған түні өтеді. Херардо Мартино шәкірттері MLS аясында «Филадельфия Юнионды» қабылдайды.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или