Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» деген сүйіспеншілігін білдірді
«Әл-Насрдың» португалиялық шабуылшысы Криштиану Роналду «Манчестер Юнайтедке» деген сүйіспеншілігін білдірді. Роналду «Қызыл сойқандар» сапында 2003-2009 жылдары, сондай-ақ 2021-2022 жылдар аралығында өнер көрсеткен, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Мен әлі де «Манчестер Юнайтедті» жақсы көремін», - деді Роналду өзінің YouTube арнасындағы видеосында.
«Манчестер Юнайтед» сапында Роналду көптеген марапаттарға, оның ішінде «Алтын допқа» ие болды.
Криштиану Роналду ресми матчтарда 901 гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды. Роналду «Спортинг» сапында бес, «Манчестер Юнайтед» сапында 145, «Реал Мадридте» 450, «Ювентусте» 101, «Әл-Наср» сапында 68 және ұлттық құрамада 132 гол соқты. Шабуылшы футбол тарихы, ұлттық құрамалар тарихы, Еуропа чемпионаты, Чемпиондар лигасы және клубтар арасындағы әлем чемпионатының үздік сұрмергені.