«Бір Құдай біледі». «Қайраттың» аңызы клубтан кетті

Алматылық «Қайрат» футзал клубының капитаны Дуглас Жуниор Инстаграм парақшасында қоштасу жазбасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
«10 жыл бұрын «Қайратпен» келісімшарт жасасып, Қазақстанға арман іздеп келдім. Бұл клубта мен армандағанның бәріне қол жеткіздім... Мен жеңілдім, жеңдім, бірақ ең бастысы өстім, кәсіби және тұлға ретінде өстім. Бірақ кезеңдер аяқталады, ал біздің кезеңіміз қазір аяғына жетті. Мұнда көптеген дос таптым - оларды өзіммен бірге мәңгіге алып кетемін. Бұл саяхатты ұмытылмастай еткен жанның бәріне алғыс айтамын. «Қайратқа» рақмет. Қашан кездесетінімізді бір Құдай біледі. Бүгін осы жазбамен клубтан кететінімді хабарлаймын», - деп жазды Дуглас.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или