Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

Қарағандыда бокстан Азия чемпионатына іріктеу турнирі өтеді

22-28 қыркүйек күндері Қарағанды қаласында әйелдер боксынан «Мықтылар турнирі» өтеді, деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі. 

Бұл жарыс қарашада Иорданияда өтетін Азия чемпионатына іріктеу болып табылады.

Турнирде 19-40 жас аралығындағы спортшылар 12 салмақ дәрежесі бойынша: 48 кг, 50 кг, 52 кг, 54 кг, 57 кг, 60 кг, 63кг, 66 кг, 70 кг, 75 кг, 81 кг, +81 кг күш байқасады.

2006 жылғы қатысушылар бас бапкердің рұқсатымен ғана жарысқа жіберіледі.

Өтініштер 16 қыркүйекке дейін қабылданады.

Қазақстан бокс федерациясы аталмыш жарысты барынша ашық өткізу үшін тікелей көрсетілім, толыққанды ақпарат тарату және таза төрелік тұрғысынан қамтамасыз етеді.

Айта кетерлік жәйт, Қарағандыдағы бәсекеде боксшылар арнайы бас киімсіз шаршы алаңға шығады. Бұл өзгеріс әйелдер боксында халықаралық аренада бұдан былай бас киім болмайтынымен байланысты. Соның ішінде жаңа ереже Азия чемпионатынан бастап енгізілмек.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или