Анна Данилина Мексикадағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады
Анна Данилина Мексикадағы WTA 500 турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz
Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен жұптаcып өнер көрсетті.
Қазақстан-Ресей дуэті Кайла Дэй (АҚШ)/ Ребекка Марино (Канада) жұбын екі сет қорытындысы бойынша 6:0, 6:2 есебімен жеңді.
Данилина мен Хромачева аталған турнирдің жұптық сындағы үшінші нөмірлі ойыншылары болып тіркелді. Сондай-ақ бұл жарыс Анна мен Ирина үшін АҚШ ашық біріншілігінен кейінгі бірінші турнир болды.
Еске сала кетсек, Данилина – жұптық разрядта Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ол WTA рейтингінде 40-орында тұр.
Дереккөз: Kaz.inform.kz
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или