Қазақстандық боксшының Ирландиядағы жекпе-жегі ресми жарияланды

Қазақстандық боксшының Ирландиядағы жекпе-жегі ресми жарияланды

360 Promotions промоутерлік компаниясы суперорта салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Ахмедовтың (21-1, 16 КО) келесі жекпе-жегін ресми түрде жариялады, деп жазады Prosports.kz.

20 қыркүйекте Ахмедов Дублиндегі (Ирландия) бокс кеші аясында өнер көрсетіп, рингте француз Пьер Хуберт Дибомбемен (22-1-1, 12 КО) кездеседі.

360 Promotions өзінің Instagram желісінде шоудың негізгі оқиғасы мәртебесіне ие болатын алдағы жекпе-жекке арналған постерді ұсынды. Негізгі кездесуде орта салмақтағы жергілікті үміткер Каллум Уолш (11-0, 9 КО) WBC Continental Americas титулы үшін поляк Пшемыслав Руновскимен (22-2-1, 6 КО) жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или