«Қайрат» футболшысына ауыр жарақаттан кейін ота жасалды

«Қайрат» футболшысына ауыр жарақаттан кейін ота жасалды

«Қайраттың» 22 жастағы жартылай қорғаушысы Арсен Буранчиевке Алматы қалалық жедел жәрдем ауруханасында ота жасалды, деп хабарлайды Prosports.kz. клубтың ресми баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Жарақат алған жерді қалпына келтіру үшін медициналық араласу жүргізілді. Операцияны хирург Нұрхат Есенбеков жасап, сәтті өтті. Қазіргі уақытта Арсен дәрігерлердің бақылауында. Жақын арада клубтық физиотерапевттер мен реабилитолог мамандардың жетекшілігімен оңалту курсын бастайды.

Арсеннің тезірек сауығып, алаңға оралуын тілейміз!» деп жазады алматылықтардың баспасөз қызметі

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или