Қазақстандық теннисші Мексикадағы жарысты сәтті бастады

Қазақстандық теннисші Мексикадағы жарысты сәтті бастады

Мексиканың Гвадалахара қаласында өтіп жатқан WTA 500 турнирінде қазақстандық Анна Данилина ресейлік Ирина Хромачевамен бірге жұптық сындағы жолын бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстан-Ресей жұбы Кайла Дэй (АҚШ)/Ребекка Марино (Канада) дуэтін екі сетте ұтты – 6:0, 6:2.

Естеріңізге сала кетейік, Данилина жұптық сында Қазақстанның бірінші ракеткасы. Ал WTA рейтингінде 40-шы орында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или