Әлем чемпионатына іріктеу: Бразилия мен Аргентина жеңіліс тапты
11 қыркүйекке қараған түні Оңтүстік Америка аймағында 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 8-ші турының ойындары өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылда Винисиус, Эндрик және Родриго бар Бразилия құрамасы Парагвай құрамасынан 0:1 есебімен ұтылып қалды. Жалғыз голды 20-минутта «Интер Майамиде» клуб деңгейінде ойнайтын Диего Гомес соқты.
Жуырда ғана Луис Суарес мансабын аяқтаған Уругвай құрамасы Венесуэламен тең ойнады
Боливия күтпеген жерден жолда Чилиді жеңсе, Эквадор өз алаңында Перуден басым түсті.
Сондай-ақ Аргентина мен Колумбия құрамалары кездесті. Колумбиялықтар 2:1 есебімен жеңіске жетті.
8 турдан кейін 18 ұпаймен іріктеу тобының көшбасшысы Аргентина құрамасы. Колумбия 16 ұпаймен екінші орында. Одан кейінгі алғашқы жетілікте: Уругвай (15), Эквадор (11), Бразилия (10), Венесуэла (10) және Парагвай (9).
10 команданың ішінен ең үздік 6 команда әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. 7-ші орын алған команда әлем чемпионатының соңғы екі қатысушысын анықтау үшін тағы 5 команда бақ сынайтын арнайы турнирге қатысады.