Қазақстандық теннисші Доминикандағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Доминикандағы жарыстың ширек финалына шықты

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Пунта-Кана Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF сериясы турнирінде алғашқы жұптық кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Үндістандық теннисші Сахаджа Ямалапаллимен бірге Қазақстан спортшысы америкалық спортшылар Колли Аллен – Хиба Шайх дуэтімен ойнап, екі сетте жалпы 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті. Доминикандық турнирдің кездесуі 1/8 финалдық кезеңде өтіп, бір сағат 27 минутқа созылды.

Айта кетейік, 24 жастағы қазақстандық теннисші қазір WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 151-ші орында тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или