Ұлттық құрама үшін ҚПЛ турының уақыты ауыстырылды
ҚПЛ 22-турының матчтары мерзімінен екі күн бұрын өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Чемпионаттың 22-ші туры 5-6 қазанда өтуі керек еді. Бұл ретте Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы аясындағы Австриямен сырт алаңда матчы 10 қазанда Линц қаласында өтеді деп жоспарланған.
Осы жағдайды ескере отырып, матчтар екі күн бұрын ауыстырылды және 3-4 қазанда өтеді.
«Астана» – «Шахтер» ойыны қазан айының екінші жартысында өтеді – елордалық команда Конференция лигасының топтық раундындағы алғашқы ойынын 3 қазанда өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или