Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA өкілдері кездесті

Астанада Қазақстан ҰОК және ISSA (Islamic Solidarity Sports Association – Ислам ынтымақтастығы спорттық қауымдастығы) өкілдері кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz 

ISSA делегациясы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арнайы келген. 

ҚР ҰОК штаб-пәтерінде өткен кездесуге  ISSA Бас хатшысы Насер Маджали мырза мен Қазақстан ҰОК тарапынан ҰОК Президентінің Кеңесшісі Әлімжан Ақаев қатысты. 

Басқосуда талқыланған негізгі тақырыптардың бірі - 2025 жылдың қарашасында Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтетін Ислам ынтымақтастығы Ойындарын ұйымдастыру. 

Қазіргі таңда ойын бағдарламасы жасақталып жатыр, алдын ала мәлімет бойынша жарыс  спорттың 20 түрінен өтеді. 

Сондай-ақ, кездесу барысында ISSF қызметінің жаңа стратегиясы талқыланды.  Мұндағы басымдық спорттық бағдарламадан басқа исламдық ойындар мәдениеті мен білім беруді дамытуға және барлық қатысушылар арасында жаңа байланыс құруға берілген.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или