Нидерланд – Германия: Ұлттар лигасындағы топ матч

Нидерланд – Германия: Ұлттар лигасындағы топ матч

10 қыркүйек сағат 23:45-те Амстердамда Нидерланд мен Германия құрамалары кездеседі. Еуро-2024 жартылай финалистері жазғы турнирдің иелерін қабылдайды. Рональд Куман мен Юлиан Нагельсманның командалары қандай күйде? Орталық матчтан не күтуге болады? Анықтап көрейік.

Нидерланд құрамасы Еуро-2024-те жартылай финалға дейін жетті, ойын барысында есепте алда болғанымен, соңғы минуттарда ағылшындарға есе жіберді. Бұл 2004 жылдан бері Еуропа чемпионаттарындағы ұлттық құраманың ең жақсы көрсеткіші, ол кезде 1/2 финалға шыққан еді. Нидерланд турнирдегі ойындары арқыл оң пікірлер алды. Англия мен Франциядан айырмашылығы, Куманның командасы шабуылдаушы, әдемі футбол көрсетті.

Ұлттық құрамаға жетіспейтін басты нәрсе – шабуылды дұрыс аяқтай алмаулары.. Бұл қазіргі «қызғылт сары» құрамасының басты мәселелерінің бірі, оларда жақсы шабуылшылар жоқ. Ал Куманның тоғыздық позициясында өнер көрсететін Мемфис Депай болса 30 жасында еуропалық топ-мансаппен қоштасқандай, бразилиялық «Коринтианс» клубына ауысты.

Еуродан кейін Нидерланд Ұлттар Лигасының бірінші турында бір матч өткізді. Қарсыластары Босния мен Герцеговина құрамасы болды. Куманның шәкірттері 5-2 есебімен жеңіске жетті, бірақ қиындықсыз емес. Статистиканың толық артықшылығына қарамастан, 3:2 есебінде босниялықтар өте жақсы ойын көрсетті. Нидерландыда Еуро-2024-пен салыстырғанда көптеген өзгерістер болған жоқ. Тек «Манчестер Юнайтедтің» жаңа шабуылшысы Джошуа Зиркзенің пайда болуын атап өтсек болады. Ол өткен маусымда «Болоньяда» керемет маусым өткізді, ал Еуро-2024-ке баратын құрамға бастапқыда ілінбеді, бірақ ойыншылардың жарақатына байланысты додаға баратындар тізіміне енді. Алайда, Джошуа турнирде небәрі 5 минут қана ойнады. Айтпақшы, ол босниялықтарға 13 минутта гол соқты.

Немістер үйдегі Еурода екі түрлі ойын көрсетті. Германиялық жанкүйерлер 1/4 финалды сәтсіздік деп айтады. Екінші жағынан, команда керемет ойнады және болашақ чемпиондар – Испаниядан ұшып кетті. Онда да олар қосымша уақыттың соңғы минуттарында шешуші голды жіберіп алды. Германияда да осы күнге дейін сапалы форвард – шабуылды аяқтаушының болмау мәселесі байқалады. Ұзақ уақыт бойы бұл позицияны номиналды түрде Кай Хаверц жауып келді. Ол көптеген мүмкіндікті мүлт жіберетін және жас және талантты Мусиала мен Виртцтің орнын толтыруға тырысады.

Германия құрамасы Ұлттар Лигасының бірінші турында Дюссельдорфта Венгрия құрамасын қабылдады. Қонақтарға мүлдем мүмкіндік бермей жеңді – 5:0. Бұл жолы «Вест Хэмге» жазда кеткен Фюллькруг номиналды шабуылшы ретінде бастады. Басқа елеулі өзгерістердің ішінде Нойер мен Кросстың болмауын атасақ болады. Біреуі ұлттық құрамада өнер көрсетуін аяқтаса, екіншісі кәсіби мансабын толығымен аяқтады. «Барселона» қақпашысы тер Штеген үшін қуаныш шығар. Енді 32 жастағы қақпашы команданың негізгі қақпашысы болып саналады, ал бұған дейін ол «бундестим» үшін 41 ойын өткізді, бірақ ірі турнирлерде бірде-бір ойын өткізген жоқ. Кроостың венгрлермен өткен матчта позициясын Паскаль Гросс жапты, бірақ ол тапсырманы жақсы орындап, көзге көрінді. Бірақ Гросс 33 жаста, сондықтан ұзақ уақыт бойы Кроостың орнын жабуы екіталай.

Букмекерлік кеңсе Tennisi.kz Нидерландының жеңісіне 2.52 кэф, тең ойынға 3.62 және Нагельсман командасының жеңісі үшін 2.84 кэф беріп тұр.

Сондай-ақ Нидерландының қақпаға соққы жасау бойынша 1.89 кэфпен жеңісіне кіруге болады. «Қызғылт сарылар» соңғы өткен 14 ойынның 9-ында қақпаға соққы жасау бойынша үздік атанған. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или