Қазақстан құрамасының бас бапкері — 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын құрам туралы айтты

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Кака Өзбекстанда өтетін 2024 жылғы әлем чемпионатына қатысатын ойыншыларды қалай таңдағанын айтып берді, деп хабарлайды Prosports.kz
«Менің ойымша, бұл 14 футболшы Қазақстандағы ең үздік, әрі мықты. Мұны шексіз талқылауға болады, бірақ бұл менің таңдауым және мен оған өзім жауап беремін. Әркімді тыңдап, құлақ асу мүмкін емес», – деп жазады Каканың сөзін Meta-rating.kz.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын жексенбі, 15 қыркүйекте Испания құрамасына қарсы өткізеді.
Қазақстан құрамасының тобында Испаниядан бөлек Ливия және Жаңа Зеландия құрамалары бар.
Дереккөз:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или