Көшпенділер ойыны: Аударыспақтан үш алтын алдық

Көшпенділер ойыны: Аударыспақтан үш алтын алдық

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында аударыспақтан үш алтын алдық, деп хабарлайды Prosports.kz

60 келі салмақта сынға түскен Қазақстан ұлттық құрамасының спортшысы Ермек Құралбай финалда қырғыз палуанын жеңіп, чемпион атанды. 

Екінші алтынды 70 келі салмақта сынға түскен Алмат Ләтіпбек алды.

Дарын Өткелбай 80 келі салмақта сынға түсіп, алдына жан салмай, үшінші алтынды еншіледі. Дарын финалда өзбек палуанын жеңді.

«Қазанат» ипподромы маңындағы этноауылда өтіп жатқан аударыспақтан бәсекеге 9 мемлекеттен, 64 спортшы тіркелді. Олар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Түркия, Венгрия, Қытай, АҚШ және Ресей. 10 қыркүйекте Есімхан Рахматіллә, Сырым Ізбасаров және Біржан Қосалиев сынға түседі.

Дереккөз: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или