Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына Ресейден 150 спортшы келді

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысу үшін Астанаға Ресейден 150 спортшы келді. Олардың барлық спорт түрлері бойынша жарыстарға қатысады, деп хабарлайды Қазақстандағы Ресей елшілігінің баспасөзқызметі.
Ресейдің ұлтық және олимпиада түрлеріне жатпайтын спорт комитеті бірыңғай команда жасақтап, олар бір ту астында өнер көрсетеді.
Ресей құрамасындағы 150 спортшы көшпенділер ойындарында ұйымдастырылатын спорттың барлық, яғни 21 түріне де қатысады. Ауқымда шара аясында ұлттық жекепе-жек түрлері, садақ ату, дәстүрлі интелектуалды және халық ойындарынан, ат спорты ойындарынан жарыстар өтеді.
Дереккөз:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или