русский язык

Регби-7: Қазақстан мен Сингапур арасындағы кездесу ірі есеппен аяқталды

Регби-7: Қазақстан мен Сингапур арасындағы кездесу ірі есеппен аяқталды

Осы күндері Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан регби 7-ден Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы төртінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық регбишілер сингапурлық қарсыластарымен ойын өткізіп, 31:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұған дейін турнирдегі үшінші кездесуін БАӘ құрамасына қарсы өткізіп, 29:12 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;