русский язык

Париж Олимпиадасында жүлде алған дзюдошыларға пәтер кілті берілді

Париж Олимпиадасында жүлде алған дзюдошыларға пәтер кілті берілді

Алматыда Қазақстан дзюдо федерациясының президенті Қуанышбек Есекеевтің жетекшілігімен дзюдодан Париж Олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.

«Дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер кілті, ал Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер кілті сыйға берілді. Сондай-ақ, әлем чемпионатының қола жүлдегері, Олимпиада ойындарында 5-ші орынға тұрақтаған Абиба Абужақыноваға 5 млн теңгенің сертифкаты табысталды», - делінген Қазақстан дзюдо федерациясының Instagram парақшасындағы жазбада.

Айта кетсек, аталған спортшыларға бұған дейін де бірқатар сый-сияпат жасалды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;