русский язык
Басқа

Шахмат олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайды

Шахмат олимпиадасында ел намысын кімдер қорғайды

Мажарстан астанасы Будапештте өтетін шахматтан 45-ші Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайтын спортшыларымыз белгілі болды.

10-23 қыркүйек аралығында өтетін бәсекеде ерлер арасында 196, әйелдерден 184 мемлекеттен команда (барлығы 1896 спортшы) қатысады. Олардың қатарында қазақстандық шахматшылар да сынға түседі.

Нақтырақ айтсақ, ерлер арасында Әлішер Сүлейменов, Қазыбек Нөгербек, Денис Махнев, Рамазан Жалмаханов, Алдияр Аңсат ел намысын қорғаса, әйелдер арасында Бибісара Асаубаева, Меруерт Камалиденова, Әмина Қайырбекова, Ксения Балабаева, Алуа Нұрман сынға түседі.

Олимпиада 9 раундтан тұратын швейцариялық ашық турнир форматында өтеді. Уақытты бақылау 40 жүріс үшін 90 минут, содан кейін ойынның қалған бөлігіне 30 минут беріледі. Бұл кезде бірінші жүрістен кейін келесісіне 30 секунд беріледі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;