русский язык
Единоборства

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Камил Куруглиев жартылай финалға шықты

Әлем чемпионаты: Еркін күрестен Камил Куруглиев жартылай финалға шықты

Испанияның Понтеведре қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатында еркін күрестен Камил Куруглиев (92 келі) жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық балуан ширек финалда түркиялық Фатих Алтунбашпен бозкілемге шыққан еді. Қарсыласы әлемдік рейтингіде бірінші орында тұрған спортшы болатын.

Белдесу барысында Камил Куруглиев Фатихтан 5:2 есебімен басым түсіп, жартылай финалға қиындықсыз өтті.

Ол 1/8 финалда грузиялық Константин Петриашвилиді 7:6 есебімен тізе бүктірді.

Түпнұсқасы: Kaz.inform.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;