русский язык
ММА

Алматыда керемет апсет жасаған өзбек үлкен мейн-ивент алды

Алматыда керемет апсет жасаған өзбек үлкен мейн-ивент алды

Ташкентте өтетін атышулы OCTAGON 64 Еуразиялық жекпе-жек лигасының басты жекпе-жегі белгілі болды, деп жазады Prosports.kz

5 қазанда жаңа чемпион Ислам Балтаев (5-2) Өзбекстан астанасында орта салмақтағы алғашқы белбеуін қорғау үшін жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы тәжірибелі қазақстандық файтер Бауыржан Қуанышбаев (17-6) болады.

19 шілдеде Балтаев қазақстандық файтер Мурад Абдурахмановпен (10-3) Алматыда өткен жекпе-жекте керемет апсет жасап, чемпионды бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.

Айта кетейік, OCTAGON 63 шарасы 27 қыркүйекте Алматыда өтеді, кештің басты оқиғасында жеңіл салмақта өзбекстандық Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслан Қасымалыұлының (8-0) кездеседі.

Турнирдің хедлайнері атақты қазақстандық актер және файтер Еркебұлан Тоқтар (7-3) болмақ, ол үнділік Кушал Вяспен (11-16) төбелеседі.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;