Роналду мансабында 900 гол соққан тарихтағы алғашқы футболшы атанды
Сауд Арабиясының Аль-Наср және Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду УЕФА Ұлттар лигасы аясында Хорватия құрамасымен ойында өзінің 900-ші ресми голын соқты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Шабуылшы Роналду тарихтағы ресми матчтарда 900 гол соққан алғашқы футболшы атанды.
39 жастағы футболшы Португалия құрамасында 2003 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Криштиану ұлттық құрамадағы 213-ші ойынын өткізіп, 131-ші голын соқты. Transfermarkt интернет-порталында берілген ақпаратқа сәйкес, 39 жастағы футболшының нарықтағы құны 15 миллион еуроны құрайды.
Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!
Дереккөз:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или