US open: Америкалық теннисші әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Америкалық теннисші Джессика Пегула (WTA 6-орын) US Open турнирінің ширек финалдық кездесуінде әлемнің бірінші ракеткасы Ига Швентекті (Польша) жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
1 сағат 29 минутқа созылған кездесу екі сетте 6:2, 6:4 есебімен америкалықтың жеңісімен аяқталды.
Пегула жартылай финалда чехиялық Каролина Мучовамен кездеседі.
US Open 26 тамыз бен 7 қыркүйек аралығында өтеді. Әйелдер арасындағы жекелей сында жалпы жүлде қоры 75 миллион долларды құрайды. Турнирдің қазіргі чемпионы былтырғы турнирдің финалында беларусь Арина Сабаленканы ұтқан америкалық Кори Гауфф.
Дереккөз:
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или