русский язык
Хоккей

2029 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға үміткер елдер белгілі болды

2029 жылғы әлем чемпионатын қабылдауға үміткер елдер белгілі болды

Словакияның хоккей федерациясы Халықаралық хоккей федерациясына 2029 жылғы хоккейден әлем чемпионатын ұйымдастыруға мүдделі екенін растайтын хат жолдады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«IIHF хоккейден әлем чемпионатын ұйымдастыра алатынымызды біледі. Доданы екі рет өткіздік, екі чемпионат та сәтті өтті. Ұйымдастыру мен қаржы жағынан қиындық туған жоқ. Бүгін өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі. Сондықтан мен бүгін 2029 жылғы IIHF әлем чемпионатына қатысуға өтінім беру үшін хат жібердім. Тағы екі үміткер бар», - деді Словакия хоккей федерациясының президенті Мирослав Шатан.

Шатанның айтуынша, 2029 жылы әлем чемпионатын өткізуге мүдделі қалған екі ел Венгрия мен Ұлыбритания болуы керек.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;