Зайнутдинов? «Спартак» «Бешикташтың» футболшысына көз тікті

Зайнутдинов? «Спартак» «Бешикташтың» футболшысына көз тікті

«Бешикташ» ойыншысы Семих Кылычсой «Спартак» футболшысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Журналист Мұрат Өзеннің хабарлауынша, ақ-қызылдар 19 жастағы ойыншының трансферіне ресми ұсыныс әзірлеп жатыр.

Сондай-ақ, футболшының қазір жарақат алғаны атап өтілді.

Transfermarkt Кылычсойды 12 миллион еуроға бағалайды. Өткен маусымда ол Түркия чемпионатында 23 матч өткізіп, 11 гол соғып, 4 нәтижелі пас берді.

Еске сала кетейік, қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдинов «Бешикташ» сапында өнер көрсетеді.

Дереккөз: Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или