Ұлттық құрама қорғаушысы Черчесов жайлы ойын айтты

Ұлттық құрама қорғаушысы Черчесов жайлы ойын айтты

Биылғы маусымда «Шинникте» жалда ойнап жүрген Қазақстан құрамасының және «Химки» клубының қорғаушысы Лев Скворцов ұлттық құраманың бас бапкері Станислав Черчесов туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Мен Станислав Саламовичпен кездесіп, таныстым, бірлескен жұмыс әлі алда. Оның жаттықтырушы ретіндегі нәтижелерін жақсы білеміздер. Өте мықты маман, сондықтан бапкермен бірге бәрі ойдағыдай болады деп ойлаймын», - деді Скворцов.

Қазақстан құрамасына дейін Черчесов венгриялық «Ференцварош» клубында жұмыс істеген. Бұған дейін маман Ресей құрамасын баптады, оған дейін Польшаның «Легия», Мәскеу «Динамосы», «Амкар», «Терек» (қазіргі «Ахмат»), «Сочи» және «Спартак» командаларымен жұмыс істеген.

 

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или