Абиба Әбужақынова татамиге қашан оралады? Бас бапкер жауап берді

Абиба Әбужақынова татамиге қашан оралады? Бас бапкер жауап берді

Бүгінде дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при турниріне қатысу үшін оқу-жаттығу жиынын бастап кетті, деп хабарлайды Prosports.kz

Олимпиада аяқталғанымен, биылғы маусым әлі де мәресіне жеткен жоқ. Спортшыларды желтоқсанның аяғына дейін ірі додалар күтіп тұр. Әсіресе, дзюдошылардың жарыс кестесі тығыз. Команданың қазіргі жағдайы мен Парижде жүлдеден қағылған Абиба Әбужақынованың жоспарлары жайлы бас бапкер Ерлан Алпысбаев айтып берді.

Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдесіз қалды. Команданың басты үміті Абиба Әбужақынова қола медаль үшін күресте швециялық Тара Бабулфатқа есе жіберген болатын. Бас бапкердің айтуынша, Абиба бүгінде Париждегі сәтсіздіктен соң қалпына келіп, келесі жарысқа қатыспақшы.

«Абибаның Қазақстан чемпионатына күресу, күреспеуі белгісіз. Жыл соңына қарай, қазанда өтетін Әбу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысады. Олимпиададан кейін Абибаны «Жеңіс» клубы демалысқа жіберді. Париж ойындарына француз мамандары және жеке бапкерімен дайындалды. Аздаған демалыстан соң Әбужақынова татамиге қайта оралады. Биылғы маусымда әлі қатысатын додалар бар», - деді Алпысбаев.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или