ҚХЛ: «Барыс» жаңа маусымды жеңіспен бастай ала ма?
4 қыркүйекте Құрлықтық хоккей лигасының алғашқы турында «Барыс» пен «Нефтехимик» кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.
«Барыс» ҚХЛ-дың жаңа маусымндағы жорығын бастайды. Алғашқы қарсыласы - ресейлік «Нефтехимик». Матч Астанадағы «Барыс аренада» өтеді.
Екі команда да былтырғы маусымда сәтті өнер көрсете алған жоқ. «Барыс» 68 ойында небәрі 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында соңғы орын алды. Ал «Нефтехимик» 69 ұпаймен 9-орынға ие болды.
Елордалық команда маусым алды жолдастық кездесулерде де жақсы нәтиже көрсете алмады. 7 ойынның екеуінде ғана жеңіске жетті. Ал «Нефтехимик» жазғы үзілісте 3 матчта жеңіске жетті.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл ойында алаң иелеріне аздаған басымдық беріп отыр. Мамандар «Барыстың» жеңісіне - 2.32, «Нефтехимик» пайдасына - 2.68 коэффициент беріп отыр. Ал негізгі уақыт тең аяқталады дегенге 3.98 коэффициент ұсынады.
Сонадй-ақ, «әр периодта гол соғылады» дегенге бәс – 1.65 коэффициент. Өйткені екі команданың 2023 жылғы өзара кездесулерінде көп шайба соғылған.