Қазақстан кикбоксингтен әлем чемпионатында 20 алтын медаль жеңіп алды
23 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Будапештте кикбоксингтен әлем чемпионаты өтіп жатыр. Жарыс қазақстандық спортшылар үшін «жемісті» болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, жастар мен жасөспірімдер арасында кикбоксингтен әлем чемпионаты өтті.
Жарыста отандық спортшылар үш түр бойынша бақ сынады: фул контакт, лоу-кик, К1.
Қазақстандықтар 20 алтын, 18 күміс және 19 қола медаль жеңіп алды.
Әлем чемпионатына 53 елден 812 спортшы қатысуда.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или