русский язык
ММА

«Метро Люблино» Қазақстандағы турнирде жеңіліп көрмеген өзбек файтерімен кездеседі

«Метро Люблино» Қазақстандағы турнирде жеңіліп көрмеген өзбек файтерімен кездеседі

БАҚ-та «Метро Люблино» атымен танымал тәжікстандық ММА файтері Саймумин Мадиевтің (7-1) келесі жекпе-жегіндегі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуразиялық жекпе-жек лигасы OCTAGON 63 қыркүйектегі турнирі аясында тәжікстандық файтер жеңіліп көрмеген өзбекстандық Бекзод Абдурахимовпен (5-0) кездеседі.

Айта кетейік, ивент 27 қыркүйекте Алматыда өтеді. Кештің басты жекпе-жегінде өзбек файтері Сухроббек Атажанов (7-1) пен қырғызстандық Руслано Касымалы уулу (8-0) күш сынасады.

Сондай-ақ, турнирде қазақстандық актер Еркебұлан Тоқтар (7-3) жекпе-жек өткізеді, оның қарсыласы үндістандық тәжірибелі Кушал Вяс (11-16) болады.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі - 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 63 турнирінің ресми серіктесі -Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;