русский язык
ММА

«Еш таңғалдырмадың». OCTAGON чемпионы үндеу жасады

«Еш таңғалдырмадың». OCTAGON чемпионы үндеу жасады

Жеңіліс дәмін татпаған аса жеңіл салмақта OCTAGON лигасының чемпионы Анвар Абдуллаев уақытша чемпион ФАрид Алибабазадеге үндеу жасады.

«Фарид, жеңісіңмен құттықтаймын. Шыны керек, еш таңғалдырмадың. Менімен олай күресе алмайсың. 25 минут бойы сені канвасқа лақтырамын. Менің кардиом қандай екенін білесің. Біздің айқасымыздың алдында шыдамдылығыңды шыңдап ал. Бұл жақта тек бір чемпион бар. Жуырда кездесеміз! – деді Абдуллаев.

Octagon 62 Еуразиялық жекпе-жек лигасының турнирі аясында кештің басты жекпе-жегінде Асқар Жақсылықов (5-1) әзірбайжандық Фарид АЛибабазадемен (12-7) жеңіл салмақтағы ұйымның "уақытша" чемпиондық белбеуі үшін күресті.

Бесінші раундта әзірбайжандық файтер қарсыласының арқасынан құшақтап, раундтың соңғы секундтарында қылғындыру әдісәмен жеңіске жетіп, ұйымның жаңа "уақытша" жеңіл салмақтағы чемпионы болды.

Турнирдің бас серіктесі - UNDERDOG спорт агенттігі

OCTAGON лигасының бас серіктесі 1XBET букмекерлік компаниясы

OCTAGON 62 турнирінің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;