русский язык
Единоборства

Танымал қазақстандық дзюдошы Еуропада демалып жүр

Танымал қазақстандық дзюдошы Еуропада демалып жүр

Абиба Әбужақынова демалысын Италияда өткізуде, деп хабарлайды Prosports.kz

Танымал дзюдошы төртжылдықтың басты ойындарынан кейін елде аз уақыт болып, Еуропада демалуда.

Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазып, фотосуретін жариялады. Париж Олимпиадасында 48 келіде күрескен қазақстандық дзюдошы жартылай финалға дейін жеткен еді. Өкінішке қарай, спортшы үшінші орын үшін белдесуде Швеция спортшысына есе жіберді.

Көз жасына ерік берген спортшы сол уақытта барша жанкүйердің қызу қолдауына ие болды. Кейін оған Мәжіліс депутаты жеңіл көлік мінгізсе, Атырауда жергілікті кәсіпкерлер тағы су жаңа темір тұлпарды тарту етті. Бұдан бөлек, Алматыдағы «Жеңіс» дзюдо клубының президенті Алмаз Әлсенов спортшыға BMW Х3 көлігін сыйлады.

Спортшы осыдан кейін Лос-Анджелес Олимпиадасында күресетінін айтып, сенім білдірген барша жанкүйерлер мен демеушілік танытқан мәрт азаматтарға алғысын жеткізді.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;