русский язык
Бокс

Спорт сарапшылары болашағынан үміт күттіретін боксшылардың есімім атады: ішінде қазақстандықтар жоқ

Спорт сарапшылары болашағынан үміт күттіретін боксшылардың есімім атады: ішінде қазақстандықтар жоқ

Парижде өткен ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарында өзбекстандық боксшылар ерекше өнерімен көзге түсті. Құрама сапынан сынға түскен жеті боксшының бесеуі алтын медаль иеленді. Boxing Scene басылымының жазуынша, олардың кейбірі кәсіби бокста да үлкен жетістіктерге жетуі мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Nur.kz сайтына сілтеме жасап.

Өзбекстандық боксшы Хасанбой Дусматов бұл Олимпиадада мықтылығын дәлелдеп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Енді ол кәсіби бокстағы мансабын да жеңісті жолда жалғастыруы мүмкін. Хасанбой Дусматов кәсіби рингте алты жекпе-жек өткізген, бәрінде жеңіске жеткен. Ол бірінші жартылай жеңіл салмақта (49 кг дейін) өнер көрсетеді.

Тағы бір өзбекстандық Баходир Жалолов Париж төрінде ерекше шеберлік көрсетіп, екі дүркін Олимпиада чемпионы атанды. Ол қазіргі уақытта кәсіпқой боксқа толыққанды ауысқанын жеткізген болатын. Өзбекстандық боксшы кәсіпқой рингте 14 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен.

Айта кетейік, Boxing Scene басылымы болашағынан үміт күттіретін боксшылар ретінде украиналық Александр Хижняк пен алжирлік Иман Хелифті де атап өтті. Екі спортшы да Париж Олимпиадасында өз салмақ дәрежелерінде алтын медаль жеңіп алды. Алайда бұл тізімде қазақстандық боксшылар жоқ.

Спорт жаңалықтарын Telegram-нан оқы. Prosports.kz арнасына жазыл!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;