«Ордабасы» - «Ақтөбе». Орталық матчтан не күтеміз?

«Ордабасы» - «Ақтөбе». Орталық матчтан не күтеміз?

23 тамызда Шымкент қаласына ҚПЛ-дың 18 туры аясында жергілікті «Ордабасы» «Ақтөбені» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.

Еурокубокта ел намысын ойдағыдай қорғай алмаған ел чемпионы мен қола жүлдегер көш басындағы «Қайратты» басып озуға тырысады. Еншісінде 30 ұпайы бар «Ақтөбе» алматылықтардан бір ұпай қалып, екінші орында тұр. «Ордабасы» 29 ұпаймен үшінші орынға жайғасқан. Бірақ, былтырғы чемпиондар екі командадан екі ойын кем өткізген. 

«Ордабасы» еурододада талай жеңілсе де, ішкі біріншілікте наурыздың 31-інен бері қарсыласқа есе жібермеген екен. Соңғы алты матчта 16 ұпай еншіледі. «Астананы» ұтты. 13 гол соқты. 

«Ақтөбе» соңғы екі турда турнир кестесінің ортасында орналасқан командалармен тең ойнады. Қонақта «Атырауды» ұта алмады, қонақта «Қайсарға» тіс батпады. Екі матч та 1:1 есебімен аяқталды. 

Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі бұл ойында алаң иелерін фаворит санап отыр. Мамандар «Ордабасының» жеңісіне - 2.21, «Ақтөбенің» пайдасына - 3.24 коэффициент беріп отыр. Ал тең ойын болады дегенге 3.16 коэффициент ұсынады.

Бірінші айналымда командалар 0:0 есебімен тарқасты. «Ақтөбе» соңғы матчтарда қарсылас қақпасына кемі бір голдан соғып жүр. Ал «Ақтөбе» гол соғады деген болжамға букмекер 1.42 коэффициент беріп отыр. 

Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или