русский язык
ММА

UFC Vegas 96: Басты жекпе-жек Кайо Борральо пайдасына шешілді

UFC Vegas 96: Басты жекпе-жек Кайо Борральо пайдасына шешілді

25 тамызда Лас-Вегаста (АҚШ) UFC Vegas 96 турнирінің басты жекпе-жегінде америкалық Джаред Каннонье мен бразилиялық Кайо Борральо арасында орта салмақта кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек бес раундқа созылды. Төрешілер 49-45, 49-45, 48-46 есебімен бразилиялықты жеңімпаз деп таныды.

Борральо өзінің алдыңғы жекпе-жегін 2024 жылдың мамыр айында UFC 301 турнирінде өткізіп, екінші раундта Пол Крейгті нокаутпен жеңген болатын. Оның 17 жеңісі мен бір жеңілісі бар.

Каннонье бұған дейін 2024 жылы маусымда UFC турнирінде ESPN 57 турнирінде октагонға шығып, төртінші раундта техникалық нокаутпен Нассурдин Имавовтан жеңіліп қалған болатын. Оның еншісінде 17 жеңіс және сегіз жеңіліс бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;