«Динамо» Загреб — «Карабах»: Қос команданың голы көп бола ма
Бүгін футболдан УЕФА Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің алғашқы матчтары өтеді. Бұл кезеңде Загребтің «Динамосы» өз алаңында «Карабахты» қабылдайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесі жаңа қолданушыларға «PROSPORTS» промокоды бойынша алғашқы үш депозитке 250 000 теңгеге дейін көбейтілген бонус дайындап қойды.
«Динамо» жаңа басталған Хорватия чемпионатында қатарынан үш матчта жеңіске жетті: «Истра» (5:0), «Осиек» (2:1) және «Шибеник» (3:0).
Хорватиялық ұжым Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуды мақсат қойып отыр. Мақсат жетер жолдағы соңғы іріктеу кезеңі. Әзербайжанда ойын оңай болмайтынын ескерсек, «Динамо» үшін өз алаңындағы матчтың маңызы зор.
«Карабах» үшінші іріктеу кезеңінде сенсациялы түрде «Лудогорецті» қап қалдырды. Өз алаңында 1:2 есебімен жеңілгеніне қарамастан, Болгарияда 3:2 есебімен жеңіп, қосымша 30 минутта келесі кезеңнің жолдамасын жұлып алды.
Tennisi.kz букмекерлік кеңсесінің мәліметінше, екі команданың жеңіске жетуге мүмкіндігі шамалас. «Динамоның» жеңіске жету мүмкіндігі 2,74 коэффициент болса, «Карабахтың» командасының жеңіске жету мүмкіндігі 2,58 коэффициент. Бұл кездесудің тең аяқталу мүмкіндігі 2,88 коэффициент.
Екі команданың көп гол соғатынын ескерсек, матчта 2 голдан көп болады деген болжамға берілген коэффицент - 1,65.
Матчтарға ең қызық бәстерді Tennisi.kz сайтынан немесе мобильді қосымшасынан таба аласыздар.