«Барселона» көшбасшысы Германия құрамасындағы карьерасын аяқтады
«Барселона» жартылай қорғаушысы Илкай Гюндоган Германия құрамасындағы карьерасын аяқтайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бірнеше апта бойы ойланып, ұлттық құрамадағы карьерамды аяқтайтын кез келді деген қорытындыға келдім. Мен өз елім үшін 82 ойын өткізгенімді мақтанышпен еске аламын, 2011 жылы ұлттық құрама сапындағы дебютімде мұндай көрсеткішім болады деп ойламадым», - деп жазды 33 жастағы футболшы әлеуметтік желіде.
Гюндоган Германия құрамасы сапында 19 гол соқты. Ол 2024 жылғы Еуро чемпионатында команда капитаны болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или