русский язык
Бокс

«Жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған». Бокстан жаңа бапкер Париждегі сәтсіздіктің себебін айтты

«Жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған». Бокстан жаңа бапкер Париждегі сәтсіздіктің себебін айтты

Парижде өткен Олимпиада ойындарында бокстан Қазақстан ерлер құрамасы 1 күміс медаль ғана алды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл нәтиже көпшіліктің көңілінен шықпай, Мырзағали Айтанжов бастаған құрама бапкерлері отставкаға кетті. Оның орнына бас бапкер болып Қайрат Сәтжанов тағайындалды.

Құрама тізгінін қайта ұстаған Сәтжанов видеомәлімдеме жасап, алдағы жоспарларын айтты. Видеоүндеу бокс федерациясының инстаграм парақшасында жарияланды.

«Мемлекет және Қазақстан бокс федерациясының басшылығы сенім білдіргендеріңізге көп рақмет. Бұл біз үшін үлкен жауапкершілік деп білемін.

Қазақстан боксында бірқатар мәселе бар. Ол мәселелерді өзіміз Париж Олимпиадасында көрдік. Ең алдымен жаттығу жоспары дұрыс құрылмаған және командалармен біріккен оқу-жаттығу жиындары өтпеген.

Алға қойған жоспарларымыз өте көп. Олар: жасөспірімдер, жастар және ұлттық құраманың бәріне бірдей көңіл бөлу, Қазақстанда болатын жарыстарды, іріктеу турнирлерін әділ өткізу, жаттығу жиындарының бәрін бір жүйеге келтіру.

Команда жұмысын жақсарту үшін шетелден мамандар, атап айтқанда, жалпы дене дайындығының маманы, ғылыми топ және бапкер-консультант шақыру ойымызда бар.

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері болу – елге қызмет ету. Ел сенімін ақтауға барымды саламын», - деді Сәтжанов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;