Президент кубогы: Қазақстан құрамасы «Барыстан» басым түсті

Президент кубогы: Қазақстан құрамасы «Барыстан» басым түсті

Президент кубогы аясында сырт алаңда өткен матчта Қазақстан құрамасы елордалық «Барыстан» басым түсті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Ұлттық құрама сапында Эдуард Михайлов, Кирилл Панюков, Әлихан Әсетов, Руслан Оспанов және Роман Старченко голдың авторы атанды.

Еске салайық, кеше Қазақстан құрамасы тольяттилік «Лада» командасымен кездесу өткізген. Матч 7:1 есебімен тольяттилік клубтың пайдасына ақталды.

Айта кетейік, турнирде «Барыс» пен Қазақстан құрамасынан бөлек хабаровскілік «Амур» мен тольяттилік «Лада» өнер көрсетіп жатыр. Командалар алдымен айналымдық жүйеде ойнайды, содан кейін финалдық орындарды анықтау үшін шешуші кездесулер өткізеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или