русский язык
Бокс

Жанқош Тұраров қыркүйекте екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

Жанқош Тұраров қыркүйекте екі бірдей чемпиондық атағын қорғайды

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыркүйекте шаршы алаңға оралатын болды.

Жанқош Тұраров келесі жекпе-жегі туралы ақпаратты Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. Ол 28 қыркүйекте Алматыда IBO және WBA Gold нұсқасы бойынша әлем чемпионы атақтарын қорғайды. Алайда қазақстандық боксшының қарсыласы әлі белгісіз.

Айта кетейік, Жанқош Тұраров соңғы рет 2023 жылдың желтоқсанында шаршы алаңға шықты. Ол Алматыда өткен бокс кешінде Жапония өкілі Акихиро Кондоны (37-12-2, 21 КО) жеңіп, IBO чемпиондық атағын қорғап қалған еді. Сондай-ақ ол WBA Gold белбеуін жеңіп алды.

Түпнұсқасы: kaz.nur.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;