русский язык
Басқа

Қазақстан Париж Олимпиадасының жабылу салтанатына қатысты

Қазақстан Париж Олимпиадасының жабылу салтанатына қатысты

Қазақстандық спортшылар Парижде (Франция) өтіп жатқан ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жабылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстанның туын таэквондошы Батырхан Төлеуғали мен гимнастшы Эльжана Таниева ұстады.

Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Эльжана Таниева 2024 жылғы Олимпиадада 13-орын алды.

Олимпиададағы Қазақстан құрамасының ең жас спортшысы таэквондошы Батырхан Төлеуғали 1/8 финалда әлемнің екі дүркін чемпионы италиялық Симоне Алессиодан жеңіліп қалды.

Айта кетейік, Қазақстан 2024 жылғы Олимпиада ойындарын жеті медальмен аяқтаған болатын. Дзюдошы Елдос Сметов алтын, боксшы Нұрбек Оралбай, гимнаст Нариман Құрбанов пен грек-рим күресінен Демеу Жадраев күміс, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев, боксшы Назым Қызайбай және нысана көздеуден Александра Ле мен Ислам Сәтбаев қола жүлдені иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер
;